үй Қазақстан жаңалықтары Орал әкімдігі Trade-In бағдарламасы арқылы Camry 70 сатып алған ...

Орал әкімдігі Trade-In бағдарламасы арқылы Camry 70 сатып алған Кеше, 09:18

27
0

Орал әкімдігі Trade-In бағдарламасы арқылы Skoda мен Camry 50 көліктерін өткізіп, Toyota Camry 70 сатып алған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

  • АВТОР
  • Гүлнара Досымшалова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Орал әкімдігі Trade-In бағдарламасы арқылы Camry 70 сатып алған
                Кеше, 09:18

Орал әкімдігі Trade-In бағдарламасы арқылы Skoda мен Camry 50 көліктерін өткізіп, Toyota Camry 70 сатып алған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мой город басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындар Орал әкімі Мейіржан Сатқановтың жаңа көлікпен жүретінін байқаған. Сондықтан олар шенеуніктің дағдарыс кезінде қызметтік көлігін ауыстырғанына наразылықтарын білдіріпті. Тіпті автокөлік Қазақстанда құрастырылмаған дейді.

Орал әкімдігінің өкілдері Toyota Camry 70 көлігінің жаңа емес екенін және Trade-In бағдарламасы арқылы алынғанын мәлімдеген.
Trade-In – ескі көлікті өткізу арқылы жаңа көлік алу. Мұның арқасында тауар бағасын төмендетуге болады.

«2012 жылғы Camry 50 қызметтік көлігінің жағдайы нашар болғандықтан, жиі істен шығуына байланысты жөндеуге қосымша шығындар қажет болды. Нәтижесінде бюджетке қосымша салмақ түсті. Бюджет қаражатын үнемдеу үшін Trade-In бағдарламасы бойынша Camry 50 және тағы екі ескі Skoda сервистік көлігін Trade-In бағдарламасы бойынша бір пайдаланылған Camry 70 көлігіне айырбастау туралы шешім қабылданды», — деп жауап берді әкімдік өкілдері ресми сауалға.

Қала басшысының жаңа көлігі 2019 жылы шығарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz