үй Қазақстан жаңалықтары Оралда ұландықтар суық қарумен жүрген азаматты ұстады

Оралда ұландықтар суық қарумен жүрген азаматты ұстады

29
0

239 rob

Оралда ұландықтар  суық қарумен жүрген азаматты  ұстады

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері күнделікті Орал қаласының тыныштығын күзету мақсатында, қала көшелеріне жауынгерлік қызметке шығады.

2023 жылдың 1 – ақпан күні ұландықтар өздерінің жауынгерлік қызметтерін атқару кезінде әскери жасақ бастығы қатардағы Н. Жангазин өзінің серіктестерімен бірге өздеріне берілген аймақта, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүріп өздеріне қарсы келе жатқан белгісіз азамат әскери жасаққа күдік тудырады. Әскери жасақ бастығы қатардағы Н. Жангазин өзіне күдік туғызған азаматқа жақындап келіп тоқтатып, өзін таныстырып сұқпат жүргізеді. Әңгімелесу барысында әлгі азаматтың ішімдік ішкенін анықталады. Ұландықтар күдіктіге сыртқы тінту жұмысын жүргізеді. Тінту барысында сырт киімінің қалтасынын 7 см ұзын жүзді пышақ табылады.

Ұландықтар оқиғаны дереу әскери жасақ кезекшісіне баяндап, күдіктіні Орал қаласының Полиция басқармасына жеткізеді. Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталуда.

Капитан, Ертуған Әубакир

Источник: dknews.kz