Оралда үш жігіт пен бір қыз көлікте көмірқышқыл газынан уланып қаза болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- АВТОР
- Гүлнара Досымшалова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Оралда үш жігіт пен бір қыз көлікте көмірқышқыл газына тұншығып қаза тапты Оралда үш жігіт пен бір қыз көлікте көмірқышқыл газынан уланып қаза болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бүгін, 8 қаңтарда сағат 10:30 шамасында тіршілік белгілері жоқ адамдар отырған көліктің табылғанын мәлімдеді. Көлік «Сарытау» шағын ауданында орналасқан жеке үйдің гаражында тұрған. «8 қаңтарда сағат 10.30-да гараждағы көліктен 18 жастағы қыз бен үш жігіттің мәйіті табылды, олардың бірі 18, екеуі 16 жаста. Оқиға орнында медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», — делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






