үй Қазақстан жаңалықтары Қосшыдағы өртке қарсы қызмет: мобильді пост өз жұмысын бастады

Қосшыдағы өртке қарсы қызмет: мобильді пост өз жұмысын бастады

76
0

151 Awrora

Қосшыдағы өртке қарсы қызмет: мобильді пост өз жұмысын бастады

Фотосурет: Ақмола облысы ТЖД

1 желтоқсаннан бастап Қосшы қаласында Ақмола облысы ТЖД және қалалық әкімдік күштерімен мемлекеттік өртке қарсы қызмет кезекшілігі ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қосшыдағы өртке қарсы қызмет: мобильді пост өз жұмысын бастады

Мобильді посттың ашылуына Ақмола облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Қанат Доспаев, Қосшы қаласының әкімі Ғайдар Қасенов, депутаттық корпус пен жергілікті қауымдастықтың өкілдері қатысты.

Қосшыдағы өртке қарсы қызмет: мобильді пост өз жұмысын бастады

Күн сайын жауынгерлік есеп пен 2 бірлік өрт техникасы кезекшілік атқарады, олар 100 мыңнан астам халқы бар Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылын қорғауды жүзеге асыратын болады.

Қосшыдағы өртке қарсы қызмет: мобильді пост өз жұмысын бастады

«Астана агломерациясын өртке қарсы қорғау облыс әкімі мен ҚР ТЖ министрінің ерекше бақылауында тұр. Тиісті тапсырмалар берілді. Бүгінгі таңда елордамыздың барлық жақын маңдағы ірі елді мекендерінде жер телімдері бөлінді. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде»  Ақмола облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Қанат Доспаев

Источник: dknews.kz