үй Қазақстан жаңалықтары Қостанайда бала наркоздан кейін комаға түсті: полиция істің мән-жайын айтты ...

Қостанайда бала наркоздан кейін комаға түсті: полиция істің мән-жайын айтты Кеше, 11:20

27
0

Қостанай полиция қызметкерлері Қостанайдағы балалар ауруханасын тексеру үшін іс материалдарының берілгені туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

  • АВТОР
  • Гүлнара Досымшалова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Қостанайда бала наркоздан кейін комаға түсті: полиция істің мән-жайын айтты
                Кеше, 11:20

Қостанайда бала наркоздан кейін комаға түсті: полиция істің мән-жайын айтты

Қостанай полиция қызметкерлері Қостанайдағы балалар ауруханасын тексеру үшін іс материалдарының берілгені туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыдан 10 күн бұрын үш жасар балаға медициналық мекемеде ота жасалған, кейін ол комаға түскен. Облыстық Полиция департаменті өкілдері тексеру нәтижесі белгілі болған соң іс бойынша процестік шешім қабылданатынын айтты.

«Балаларға жасалған операциялар бойынша тексеру материалдары қазір дәрігерлердің әрекетін тексеру үшін уәкілетті орган — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық-фармакологиялық бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіне жіберілді. Қорытынды алғаннан кейін процестік шешім қабылданады», — деді Қостанай облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Биыл 15 желтоқсанда үш жасар Әмір мен тағы үш ұл балаға – Игорь (4 жас 10 ай), Ақназар (3 жас 9 ай) және Ерназарға (2 жас 5 ай) наркозбен жоспарлы урологиялық операция жасалды.

Кешке қарай балалардың біреуінің тыныс алуы қиындап кеткен. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Баланың әкесінің айтуынша, ұлына «жедел ми қан айналымы бұзылысы. Уытты энцефалопатия» диагнозы қойылған. Олардың айтуынша, ата-анаға баланың не себепті мұндай жағдайға түскені туралы әлі ресми түрде айтылған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz