316 rob
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы
Самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ұлттық ұлан жауынгері Еламан Қойшыбаевты Ақтөбе әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ұлттық ұлан жауынгерін қарсы алу үшін әуежайға чемпионның туыстары, қарулас достары және БАҚ өкілдері жиналып Еламан Қойшыбаевты үлкен сый-құрметпен қарсы алды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 10 — 12 қараша күндері аралығында Армения астанасы Ереван қаласында, Халықаралық самбо федерациясының күнтізбесінің басты турнирі әлем чемпионаты өткен болатын. Аталмыш чемпионатта Ақтөбе қаласында орналасқан Ұлттық ұланның жауынгері Еламан Қойшыбаев, 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп күміс жүлдеге қол жеткізді.
— Мен осы спорт түрімен 12 жасымнан бастап айналысып келемін. Осы әлем чемпионатына алтын аламын деген үлкен мақсатпен бардым, дегенмен бұйырғаны күміс болды. Ендігі мақсат осы чемпионатта жіберген қателіктермен жұмыс істеп алдағы әлемдік біріншіліктерде жеңіс тұғырынан көріну. Өзім қазіргі таңда Ұлттық ұлан әскер қатарында қызмет атқарып Отан қорғау ісімен спортты қатар алып жүрмін. Ұлттық ұлан қолбасшылығы жарыстарға тыңғылықты дайындалуға маған үнемі қолдау көрсетіп жүргендері үшін алғысым шексіз, – дейді Ұлттық ұлан қызметкері Еламан Қойшыбаев.
Айта кетейік, екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша, біздің құрама бір алтын, екі күміс және бес қола медальмен жалпы командалық есепте үшінші орынды иеленді.
Источник: dknews.kz