
Фото: ғаламтордан
Семейде із-түзсіз жоғалған ер адам бір айдан бері іздестіріліп жатыр.
Полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен Алтай Болатовтың орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді.
«27 желтоқсанда полицияға 70 жастағы қала тұрғыны 1992 жылы туған ұлы Алтай Болатовтың үйіне оралмағанын айтып арызданған. Полиция қызметкерлері оның жүрген жерін анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Қазір 30-ға жуық қызметкер жұмылдырылған. Ер адамның психикалық ауытқуы бар болғандықтан, есін білмеуі мүмкін», — деп хабарлады Абай аудандық ІІБ.
Источник: nege.kz






