үй Қазақстан жаңалықтары Парламент Елбасы туралы Конституциялық заңның күшін жойды

Парламент Елбасы туралы Конституциялық заңның күшін жойды

69
0

242 rob

Парламент Елбасы туралы Конституциялық заңның күшін жойды

Фотосурет: Ж.Жұмабеков

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған заңға Мәжілістің бір топ депутаты бастамашы болды. Заң жобасын қарау Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен екі оқылымда өтті.

Парламент Елбасы туралы Конституциялық заңның күшін жойды

Парламент Елбасы туралы Конституциялық заңның күшін жойды

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров баяндамасында 2022 жылы өткен жалпыхалықтық референдумда қазақстандықтардың 77 пайызы Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдап, дауыс бергенін еске салды. Ата заңға енгізілген түзетулерге сәйкес Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Конституцияның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды.

Парламент Елбасы туралы Конституциялық заңның күшін жойды

Парламент Елбасы туралы Конституциялық заңның күшін жойды

«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы аталған мәселеге қатысты Конституциялық Сотқа жүгінді. Конституциялық Сот «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы мәртебесі» жөніндегі  заңның еліміздің  жаңа Ата-Заңына  сәйкес келмейтіндігі жөнінде шешім шығарды» Ерлан Саиров

Парламент Елбасы туралы Конституциялық заңның күшін жойды

Сондай-ақ Е.Саиров Қазақстанның демократия мен плюрализмге бет алып, түбегейлі саяси трансформация кезеңінде жеке топтардың билікті меншіктеуге апаратын тетіктерге жол бермеу маңызды екенін атап өтті.

Парламент Елбасы туралы Конституциялық заңның күшін жойды

Отырыс барысында Парламент Мәжілісі мен Сенатының Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің төрағалары Арман Қожахметов пен Владимир Волков қосымша баяндама жасады.

Парламент Елбасы туралы Конституциялық заңның күшін жойды

Айта кетейік, 2023 жылғы 10 қаңтарда Конституциялық Сот қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» заңды сақтауға құқықтық негіздер жоқ екенін мойындай отырып, Конституциядан 46-баптың 4-тармағын және өзге де нормаларды алып тастау туралы нормативтік қаулы қабылдаған болатын. Осыған байланысты аталған заңның күші жойылды.

Источник: dknews.kz