үй Қазақстан жаңалықтары Павлодар облысындағы шахта маңында адамдар мінген автобус жер астына түсіп кетті ...

Павлодар облысындағы шахта маңында адамдар мінген автобус жер астына түсіп кетті Кеше, 11:45

125
0

Павлодар облысында жұмысшылар мінген автобус шахтаға құлап кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Павлодар облысындағы шахта маңында адамдар мінген автобус жер астына түсіп кетті
                Кеше, 11:45

Павлодар облысында жұмысшылар мінген автобус шахтаға құлап кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірдегі ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында Павлодар облысының Баянауыл ауданында «Майқайыңзолото» АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында тазарту кеңістігіне төрт жолаушысы бар автобус құлаған. Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, опырылған жер ұзындығы 150-200 метр, ені 500 метр, тереңдігі 150 метр.

«Оқиға кезінде автобуста КӘА ҚҚРОШ Павлодар филиалының үш құтқарушысы мен жүргізушісі болған. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Жедел штаб құрылып, оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов, Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен жергілікті атқарушы органдар жүр. Психологтар жұмыс істеп жатқаны айтылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына «Майқайыңзолото» АҚ кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері Павлодар филиалының, Жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ТЖ департаменті құтқарушыларының күштері мен құралдары жұмылдырылған. Барлығы 44 адам, 13 техника және бір ҰҰА (дрон) жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz