үй Қазақстан жаңалықтары Павлодарлық полицейлер 7 жасар қызды іздестіріп жатыр

Павлодарлық полицейлер 7 жасар қызды іздестіріп жатыр

17
0

Павлодарлық полицейлер 7 жасар қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.


      Павлодарлық полицейлер 7 жасар қызды іздестіріп жатыр

Қыздың жоғалғаны туралы арыз Екібастұз қаласының полициясына 17 қарашада сағат 21:15-те келіп түсті.

Дереу дабыл бойынша полицияның жеке құрамы көтерілді, баланың жоғалып кетуі туралы ақпарат жергілікті чаттар арқылы таратылды, іздеуге Vita еріктілері мен бей-жай қарамайтын азаматтар қосылды.

Полиция сағат 16:00 шамасында 39 жастағы әйел үш баласымен демалыс күндері ауылдан 15 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығындағы жұбайына баруға шешім қабылдағанын анықтады. Қызы Милана сонда барудан бас тартып, үйден шығып кеткен. Ауыл тұрғындары қызды ауылдан 1,5 км қашықтықта орналасқан бөлімшеде көрген.

Полиция осы факті бойынша қандай да бір ақпарат болса, 102 телефоны бойынша хабарлауды сұрайды.
Давыдова Милана, 2015 жылы туған, Қоянды ауылдық округінің Бесқау ауылындағы мектептің 3 сынып оқушысы. Бойы 128-130 см, арық дене бітімі, көздері қоңыр, шаштары ақшыл. Үстінде сары күрте, ашық жасыл түсті трико, сұр түсті куртка, қара етік.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно

Источник: kaz.kazlenta.kz