үй Қазақстан жаңалықтары Петропавлдағы шабуыл: Қазақстанның барлық мектебінде тексеру жүргізіледі ...

Петропавлдағы шабуыл: Қазақстанның барлық мектебінде тексеру жүргізіледі Кеше, 13:19

22
0

Петропавлдағы шабуылдан кейін Қазақстанның барлық мектебіндегі қауіпсіздік тексеріледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім министрлігінің

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Петропавлдағы шабуыл: Қазақстанның барлық мектебінде тексеру жүргізіледі
                Кеше, 13:19

Tengrinews.kz/көрнекі сурет

Петропавлдағы шабуылдан кейін Қазақстанның барлық мектебіндегі қауіпсіздік тексеріледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім министрінің тапсырмасы бойынша Петропавл қаласындағы мектепте болған оқиғаға қатысты комиссия құрылғаны хабарланды. Оның құрамына Балалар құқығын қорғау комитеті, Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті, СҚО Білім басқармасының өкілдері кірген.

«Айта кететін жайт, мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары мен дабыл түймесі орнатылған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — делінген хабарламада.

Бұл ретте облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларына еліміздегі барлық жалпы білім беретін мектептерде қауіпсіздікке тексеру жүргізу тапсырылған.

Еске салайық, бүгін Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттағаны хабарланған болатын.

Оқиға таңертең №4 мектепте болған. Қала әкімдігінің мәліметінше, екі бала балалар ауруханасында жатыр. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz