Петропавлда сот зейнеткерді алимент төлемейтін ұлының орнына зейнетақысынан немерелеріне алимент төлеуге міндеттеді. Бұл туралы облыстық прокуратура
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Тұрар Қазанғапов Петропавлда сот зейнеткерді алимент төлемейтін ұлының орнына зейнетақысынан немерелеріне алимент төлеуге міндеттеді. Бұл туралы облыстық прокуратура баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Алтын Орда» порталына сілтеме жасап. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, 2021 жылғы 1 маусымдағы сот қаулысымен Қ.Т.Е. пайдасына Қ.А.Х-дан кәмелетке толмаған балалар үшін ай сайынғы жалақының және (немесе) өзге де кірістің 1/3 бөлігі мөлшерінде алимент өндірілді. Алайда борышкер өз міндеттемелерін орындамаған, нәтижесінде 3,7 миллион теңге қарыз жиналған. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 152-бабына сәйкес, өздерінің еңбекке жарамды ата-аналарынан, бірге туған кәмелетке толған еңбекке жарамды ағалары мен апаларынан күтіп-бағу қаражатын алуға мүмкіндік болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж немерелер алимент төлеуге қажет қаражаты бар әжесі мен атасынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар», — деп түсіндірді прокуратура өкілдері. Балалардың анасы борышкердің әкесінен (атасынан) немерелерін асырауға арналған алимент төлемдерін өндіру туралы арызбен сотқа жүгінген. Петропавл №2 соты бұл өтінішті қанағаттандырды. «Атасының зейнетақысынан ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш (30 630 теңге) көлемінде алимент өндіріледі», — деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі өкілдері. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz