үй Қазақстан жаңалықтары Приозерск стадионында футбол алаңы мен хоккей корты жабдықталады

Приозерск стадионында футбол алаңы мен хоккей корты жабдықталады

0

299 rob

Биыл Приозерск қаласында стадионды қалпына келтіру жұмыстары басталады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте қала әкімі Сапар Сатаев қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді.

– Стадионды жөндеуде жасанды жабыны бар футбол алаңын, тартан жеңіл атлетикалық жүгіру жолын, стритворкаут кешенін, көпфункциялы хоккей корты мен көрермендерге арналған трибуналарды орнату көзделген, – дейді Сапар Сатаев. – Жыл сайын аула аумақтарын абаттандыру және футбол алаңдары мен спорт ғимараттарын орнату жұмыстары жүргізіледі. Биыл 210 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Жоба ауыспалы.

Жылыту маусымының өтуі ерекше бақылауда, деп қосты спикер. Биылғы жылы № 3 қазандықты және ұзындығы 800 метр жылу желілерін кеңейтілген ағымдағы жөндеу, бес тұрғын үйге жылумен жабдықтау желілерін ауыстыру жоспарланған. Сондай-ақ, ұзындығы 1,2 шақырым болатын коммуналдық меншіктегі су құбыры және кәріз желілерінің авариялық учаскелерін ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

– Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 9,2 шақырым автожолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған қоса жолдарды белгілеу, жол белгілерін ауыстыру, жолдар мен техникалық тротуарларды ағымдағы жөндеу қарастырылған, – деп атап өтті Приозерск қаласының басшысы.

Көшелерді абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар қалаға кіреберістен басталады, деп толықтырды қала әкімі. Абай атындағы саябақ пен жағалау аймағы қайта құрылып, «Жеңіс» саябағын кезең-кезеңімен абаттандыру жалғасады. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін қалалық аурухананың аумағы абаттандырылады.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version