192 rob
Мемлекет басшысының «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шархан Ұлытау облысына ісспармен барып, жергілікті тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Сапар барысында вице-министр Kazakhmys Smelting мыс балқыту зауыты мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалының «Жезқазғанцветмет» ӨБ байыту фабрикасында болып, өндірістік қызметтерін бағамдап қайтты.
Сондай-ақ ИИДМ басшысының орынбасары өңір халқымен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады. Онда су және жылумен жабдықтау, жол құрылысы, индустриялық аймақты құру, жер қойнауын пайдалану саласындағы өзекті мәселелер, атап айтқанда жазылым бонусын азайту мен лицензия беру мерзімін қысқарту жайы көтерілді. Бұл ретте «еркін микрофон» форматы аясында ұлытаулықтар вице-министрге көкейлерінде жүрген сауалдарды қоюға мүмкіндік алды. Сұрақ жолдаған барлық азаматқа толымды жауап қайтарылды.
Бұдан басқа И.Шархан ведомствоның индустриалды және инфрақұрылымдық жобаларын іске асыруға байланысты жүргізіп жатқан жұмыстары туралы, оның ішінде көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері, автожол және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру салаларында қолға алынған ілкімді істер жөнінде айтып берді.
Источник: dknews.kz