үй Қазақстан жаңалықтары ҚР ТЖМ өңірлік бөлімшелерінің қызметкерлері пиротехниканы сатудың заңсыз орындарын анықтау бойынша рейдтер...

ҚР ТЖМ өңірлік бөлімшелерінің қызметкерлері пиротехниканы сатудың заңсыз орындарын анықтау бойынша рейдтер өткізді

14
0

80 Арман

ҚР ТЖМ өңірлік бөлімшелерінің қызметкерлері пиротехниканы сатудың заңсыз орындарын анықтау бойынша рейдтер өткізді

ТЖ өңірлік департаменттерінің жеке құрамы өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша кезекті рейдке қатысты. Құтқарушылар жеке үйлерге барып, әңгімелесулер өткізді, жаднамалар таратты, тұрғындарға пешті жылыту, электр жабдықтары, электр емес жарықтандыру аспаптарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша кеңес берді, пиротехникалық бұйымдарды сатудың рұқсат етілмеген орындарын аралап шықты. Жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, пиротехниканы пайдалануға ерекше назар аударылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚР ТЖМ өңірлік бөлімшелерінің қызметкерлері пиротехниканы сатудың заңсыз орындарын анықтау бойынша рейдтер өткізді

Ақмола облысы ТЖД

Жаңа жыл қарсаңында Ақмола облысының ТЖ департаменті жергілікті полиция қызметімен, «Қызыл Жарты Ай» еріктілер ұйымымен бірлесіп пиротехникалық бұйымдарды сатудың рұқсат етілмеген орындарын анықтау бойынша рейдтер жүргізуде. Мәселен, ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша 114 862,5 теңге сомасына айыппұл түрінде 3 әкімшілік материал жасалды., сондай-ақ 60-тан астам пиротехникалық бұйымдар тәркіленді.

ҚР ТЖМ өңірлік бөлімшелерінің қызметкерлері пиротехниканы сатудың заңсыз орындарын анықтау бойынша рейдтер өткізді

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД

ШҚО ТЖД полиция департаментінің қызметкерлері мен құтқарушылары өңірде пиротехниканы сертификатталмаған сатумен күресуге бағытталған 120-ға жуық рейд жүргізді. Профилактикалық іс-шаралар барысында отшашуларды іске асыруға лицензияның болуы тексеріледі.

ҚР ТЖМ өңірлік бөлімшелерінің қызметкерлері пиротехниканы сатудың заңсыз орындарын анықтау бойынша рейдтер өткізді

«Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шараларының нәтижелері бойынша 131 контрафактілік бірлік тәркіленді. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 196-бабы 1-бөлігі бойынша 7 хаттама жасалды. Өскемен қаласында, Күршім, Зайсан және Шемонаиха аудандарында заңсыз сату нүктелері анықталды. 268 013 теңге сомасына айыппұл салынды.

Ұлытау облысы ТЖД

Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, «Ұлытау» телеарнасын тарта отырып, Жезқазған қаласының сауда орындарында азаматтық пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату және сақтау фактілері бойынша рейд жүргізді. Рейд кезінде олардың қауіптілігі мен пайдалану ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ жаднамалар таратылды.

ҚР ТЖМ өңірлік бөлімшелерінің қызметкерлері пиротехниканы сатудың заңсыз орындарын анықтау бойынша рейдтер өткізді

Маңғыстау облысы ТЖД

Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы полиция басқармасының және білім бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, жаңа жылдық мерекелердегі қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде қала оқушыларымен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша жұмыстар жүргізді, сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ережелерін түсіндірді.

ҚР ТЖМ өңірлік бөлімшелерінің қызметкерлері пиротехниканы сатудың заңсыз орындарын анықтау бойынша рейдтер өткізді

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД

СҚО ТЖД қызметкерлері дүкендерді, адамдар көп жиналатын орындарды, әсіресе жаңа жылдық іс-шаралар жоспарланып отырған орындарды назардан тыс қалдырмады. Өткен аптада СҚО-да 8000-нан астам азаматты қамтитын 3600-ден астам аула аралау, адамдар көп жиналатын және жаңа жылдық іс-шаралар өткізілетін орындарда 54 рейд өткізілді. Бұл жұмыс жаңа жылға дейін, сондай-ақ қаңтардың алғашқы күндерінде жалғасын табады.

ҚР ТЖМ өңірлік бөлімшелерінің қызметкерлері пиротехниканы сатудың заңсыз орындарын анықтау бойынша рейдтер өткізді

Ақтөбе облысы ТЖД

2022 жылдың 26 желтоқсанынан бастап Ақтөбе қаласы полиция және ТЖБ қызметкерлері орталық базарда және қаланың мамандандырылған дүкендерінде пиротехникалық бұйымдар мен мерекелік электротехникалық өнімдерді сату орындары бойынша бірлескен рейд жүргізді.

ҚР ТЖМ өңірлік бөлімшелерінің қызметкерлері пиротехниканы сатудың заңсыз орындарын анықтау бойынша рейдтер өткізді

Іс-шара барысында отшашу, ұшқын шамдары сатылуы мүмкін сауда нүктелері тексерілді. Бұл ретте мерекелік пиротехникалық бұйымдарды өткізу және пайдалану орындарын тексеруге ерекше назар аударылады. Жаңа жылдық мерекелер аяқталғанға дейін қызметкерлер пиротехникалық бұйымдарды сақтау және сауда орындарын тексерумен айналысатын болады.

Алматы облысы ТЖД

2022 жылғы 27 желтоқсанда Алматы облысы ТЖД қызметкерлерімен жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша облыстық ауқымда жаңа жылдық рейдтік профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

ҚР ТЖМ өңірлік бөлімшелерінің қызметкерлері пиротехниканы сатудың заңсыз орындарын анықтау бойынша рейдтер өткізді

Рейдтер барысында халық арасында пиротехникалық құралдарды сатып алу, сақтау және пайдалану қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Профилактикалық іс-шаралармен ПИК қызметкерлері қамтылды, үй тұрғындарына нұсқамалар ұйымдастырылды, жаңа жылдық мерекелерде қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде жаднамалар таратылды.

Қызылорда облысы ТЖД

Бүгін Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз орталығында сала мамандарының қатысуымен онлайн-форматта брифинг өтті.

Брифингте «Пиротехника» жедел іс-шарасы туралы айтылды. Брифинг спикерлері пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ережелерін түсіндірді.

Шымкент қаласының ТЖД

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп пиротехникалық бұйымдарды сату орындарында «Қауіпсіз Жаңа жыл!» тақырыптық рейдтерін өткізді.

Рейд кезінде полиция қызметкерлері сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды сату фактілерін анықтайды. Кәсіпкерлердің пиротехникалық бұйымдарды қалай сатып алатынын, тасымалдайтынын және сақтайтынын тексереді. Полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196-бабы бойынша рейдтік іс-шараларды жүргізу кезінде 12 әкімшілік хаттама жасап, жалпы сомасы 918 900 теңгеге айыппұл салды, сауда-саттыққа заңсыз қойылған 90 килограмм пиротехникалық бұйымдар тәркіленді.

Қазіргі уақытта 10000-нан астам үгіт материалдары, 300-ден астам нұсқаулық таратылды. Адамдар жаппай жиналатын объектілерде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша тәулік бойы бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылады.

Өрттер мен олардың салдарын азайту мақсатында құтқарушылар полицейлермен бірлесіп «Пиротехника» акциясы барысында 45 рейд жүргізді.

Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына пиротехникалық бұйымдарды контейнерлерден тыс жерде және пиротехникалық бұйымдарды сақтауға лицензиясы мен рұқсаты жоқ адамдардың ашық сөрелерден, автокөліктерден, шатырлардан, қолдан және өткелдерде сатуға қатаң тыйым салынғанын тағы да еске салады.

Отшашулар, фейерверктер, ұшқын шамдарын сатып алғанда неге назар аудару керек?

Ең алдымен, өнімнің сертификатталғанын көру үшін пиротехниканы пайдалану ережелерімен танысу қажет. Оны сақтау және сату мерзіміне назар аударуды ұмытпаңыз: егер тауар мерзімі өтіп кетсе, оны ешқандай жағдайда қолдануға болмайды. Қаптама бүтін болуы керек, жыртылмауы керек. Ғимараттар мен пәтерлерде отшашуды атпаңыз. Тұрақта тұрған автомобильдер мен ғимараттардың жанында отшашуды атуға болмайды. Іске қосу радиусы 50 метр жерде өрт қауіпті объектілер болмауы тиіс. Балаларға отшашуларды іске қосуға қатаң тыйым салынады.

ҚР ТЖМ өрттің алдын алудың маңызды шарты өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау және орындау болып табылатынын еске салады:

  • тек зауытта жасалған электр гирляндаларын қолданыңыз;
  • пиротехниканы (отшашулар, фейерверктер және басқа пиротехникалық бұйымдар) тек мамандандырылған дүкендерден сатып алыңыз;
  • отшашуларды немесе фейерверктерді тұрғын үй-жайлардан немесе тез тұтанатын заттардан 20 метр қашықтықта, төмен шатырлар мен ағаш шатырларының астында орналастыруға тыйым салынады.
  • егер пиротехникалық өнім жұмыс істемесе, оны қайта іске қосуға тырыспаңыз.
  • әрбір пиротехникалық бұйым оны қолдану жөніндегі нұсқаулықпен жабдықталған. Нұсқаулықты мұқият қарап шығу үшін бірнеше минут бөліңіз.

Алдағы мереке қарсаңында ел тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалыңыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!

Источник: dknews.kz