үй Қазақстан жаңалықтары Ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу – басты міндет

Ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу – басты міндет

11
0

301 rob

Ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу – басты міндет

Биыл кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34-жыл толады. Бұл орайда Түркістан обылысының барлық аудандарының білім беру мекемелерінде интернационалдық борышын өтеген жауынгерлер мен қазіргі Қарулы күштер қатарында қызмет етіп жүрген офицерлер мен сержанттарның қатысуымен ерлік сабақтары өткізілуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу – басты міндет

Ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу – басты міндет

Мұндай сабақтар барысында оқушылар, өмірінің өлшеулі бір бөлігін оқ пен оттың астында өткізген майдангер аға буынның жауынгерлік жолымен танысып, алыс елдегі қызмет оларға не үйреткені туралы маңызды мәлімет алады. Ал тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тынымсыз еңбек етіп, ағаларының ізбасары болған жауынгерлер, қазіргі әскердің тыныс тіршілігімен таныстырып, заман талабына сай әскерде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтармен бөліседі.

Ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу – басты міндет

Ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу – басты міндет

Осындай өскелең ұрпаққа берер пайдасы мол кездесулердің бірі Төле би ауданына қарасты «Ақбастау» және «М.Әуезов» атындағы  жалпы орта мектептерінің 8-11 сынып оқушылармен өтті. 

Ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу – басты міндет

Ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу – басты міндет

Кездесуге Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының аға офицері подполковник Берік Әбенов және 10216 әскери бөлім командирінің тәрбие және идиологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Зәкіржан Исаев қатысты. 

Ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу – басты міндет

Қызметтегі офицерлер оқушыларға Қарулы күштеріміздің қатарында қызмет атқару үлкен абырой екендігін түсіндіріп, еліміздегі әскери оқу орындары туралы мағлұматтар берді. 

Ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу – басты міндет

Олар әр азаматтың бойында Отан қорғауға деген ерік жігердің болуы керектігін әңгімелеп, үгіт насихат материалдарын таратты. Оқушылар әскерге қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.

Источник: dknews.kz