үй Қазақстан жаңалықтары СҚО-да шенеуніктер 4,3 миллиард теңгені негізсіз жұмсамақ болған ...

СҚО-да шенеуніктер 4,3 миллиард теңгені негізсіз жұмсамақ болған Кеше, 09:50

14
0

Солтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер 4,3 миллиард теңге бюджеттік қаражатты негізсіз жұмсамақ болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


СҚО-да шенеуніктер 4,3 миллиард теңгені негізсіз жұмсамақ болған
                Кеше, 09:50

Фото ©️ Tengrinews.kz

Солтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер 4,3 миллиард теңге бюджеттік қаражатты негізсіз жұмсамақ болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары бюджеттік қаражатты жұмсау саласында талдау жүргізу барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жүйелі бұзуды анықтады.

«Қалалық құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғалары «Мемлекеттік сатып алу және сәулет, қала құрылысы саласы туралы» ҚР Заңдарын талаптарын бұза отыра сомасы 2,5 миллиард теңгеге көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алуларды жер учаскесіне құқықты анықтайтын құжаттарсыз жүргізген.

Басқа жағдайда, облыс әкімдігінің лауазымды тұлғалары ҚР Бюджеттік кодексінің талаптарына қарамастан ешқандай негізсіз ғимарат сатып алу үшін 1,1 миллиард теңге көлемінде бюджет қаражатын бөлген», — делінген хабарламада.

«Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңының талаптарын бұза отыра, осы бюджет қаражатына әлеуетті жеткізушілер үшін негізсіз шектеулермен ашық конкурс арқылы сатып алуды жүргізген.

«Қадағалау органының актілері бойынша жоғарыда аталған сатып алулар бұзылды, жергілікті атқарушы органдардың кінәлі лауазымды тұлғалары әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Аталған салада жыл басынан бері қадағалау органының актілері бойынша жергілікті атқарушы органдардың 59 лауазымды тұлғасы әртүрлі жауапкершілікке тартылды, 19 мемлекеттік сатып алу бұзылды, ақырында сомасы 4,3 миллиард теңге бюджет сомасын жұмсаудың алды алынды».

Бюджеттік қаражатты жұмсау сұрағы қадағалау органының бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz