үй Қазақстан жаңалықтары СҚО әкімі күніне қалай 90 мың теңге табуға болатынын айтты ...

СҚО әкімі күніне қалай 90 мың теңге табуға болатынын айтты Кеше, 15:44

21
0

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров күніне қалай 90 мың теңге табуға болатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


СҚО әкімі күніне қалай 90 мың теңге табуға болатынын айтты
                Кеше, 15:44

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров күніне қалай 90 мың теңге табуға болатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап.

Сапаровтың айтуынша, қазір облыста дәнекерлеушілер мен металл жонушылар жетіспейді. Аймақ басшысы осы мамандықтарды оқытатын қысқа мерзімді курстар ұйымдастырып, бірінші жартыжылдықта жұмыс күші тапшылығы мәселесін жабуды тапсырған.

«Бізде құрылыс саласында тас қалаушылар жетіспейді. Бұл мамандықты екі айдың ішінде игеріп шығуға болады. Бір шаршы метр кірпіш қалау ақысы 18 мың теңге тұрады. Адам бес шаршы метр жерге қалап, күніне 90 мың табуына болады. Ал бізде адамдар жетіспейді. Бұл жұмысты бірлесіп атқару керек», — дейді СҚО әкімі.

Сондай-ақ облыс басшысы солтүстік қазақстандықтар арасында ақпараттық жұмысты сапалы жүргізуді тапсырған. Облыс тұрғындары қандай мамандықтар сұранысқа ие екенін біліп, жақсы жалақы алулары қажет.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан халқының алты пайызға жуығы күнкөріс деңгейінен төмен жалақы алады. Әсіресе ауылдарда жұмыссыздық жоғары деңгейге жеткен. Жұмыссыздардың басым бөлігі Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов атындағы, Есіл және Аққайың аудандарында тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz