үй Қазақстан жаңалықтары СҚО-ның емдеу ұйымдары 19 санитарлық көлікпен толықты

СҚО-ның емдеу ұйымдары 19 санитарлық көлікпен толықты

3
0

Бұл жайында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде жазды. Облыстағы медициналық мекемелер үшін 19 санитарлық автокөлік сатып алынды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі СҚО әкімдігіне сілтеме жасап.


      СҚО-ның емдеу ұйымдары 19 санитарлық көлікпен толықты

Оның ішінде, 10 көлік қаладағы емдеу ұйымдарына табыс етілді. Жаңа көліктердің арқасында медициналық қызметтің сапасы жақсарып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалады.

«Көлік паркін жаңарту жұмысы жалғасын табады», — деп жазды өңір басшысы.

Биыл денсаулық сақтау саласын үлкен өзгерістер күтіп тұр. 

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауылдарда 38 медициналық нысанның құрылысы басталады. Бұл дәрігерлік амбулаториялар, ФАП-тар мен медпункттер.  Кішкенекөл ауылында жаңа емхана ашылады. Сондай-ақ, көктемде көпсалалы облыстық аурухананың құрылысын қайта жандандыру жоспарлануда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно

Источник: kaz.kazlenta.kz