121 Арман
Фотосурет: Gov
Сыртқы экономикалық қызметтің 21 қатысушысы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 415-1-бабы, 1-бөлігі бойынша жалпы сомасы 14 901 495 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Мәселен, «Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы», «Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі» Кеден одағының техникалық регламенттері бойынша сәйкестік туралы декларацияның СЭҚ қатысушылары сертификаттау жөніндегі органдардың және Кеден одағының сынақ зертханаларының бірыңғай тізіліміне енгізілмеген, декларация өтініш берушінің жеке сынақ зертханасы болып табылмайтын және Ресей Федерациясының аумағында орналасқан сынақ зертханасымен ресімделген сынақ хаттамалары негізінде, сондай-ақ Кеден одағының техникалық регламентінің тізбесінде жоқ ГОСТ негізінде тіркелген.
Жоғарыда аталған фактілер СЭҚ қатысушылары тарапынан өнімнің сәйкестігін растау рәсімдеріне формальді көзқарас болып табылады.
Мұнда «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес, сәйкестік туралы декларацияны қабылдайтын тұлға: сәйкестікті декларациялауды жүргізуге және сәйкестік туралы декларацияларды тіркеуге қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау қағидаларының және шешімдерінің талаптарын орындауға міндетті екенін атап өту қажет.
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін сәйкестік туралы декларацияны қабылдаған адам сәйкестікті растау және бағалау рәсімдерін жүргізу қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Сонымен қатар, СИМ ТРМК Алматы қалалық департаменті кәсіпорындардың өкілдеріне «Техникалық реттеу туралы» ҚРЗ талаптарын бұза отырып, сәйкестікті бағалау және өнімді айналымға шығаруға тыйым салу туралы «Сұр» құжаттарды алуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен бірге, жалған сәйкестік туралы декларацияны қабылдау кезінде бұзушылықтарға жол берген кәсіпорындар, техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында және Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына бақылау және қадағалау субъектілеріне бара отырып, профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жартыжылдық тізбесіне қосылады.
Источник: dknews.kz