Семейде із-түзсіз жоғалған ер адам бір айдан бері іздестіріліп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Семейде із-түзсіз жоғалған ер адам бір айдан бері іздестіріліп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен Алтай Болатовтың орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. «27 желтоқсанда полицияға 70 жастағы қала тұрғыны 1992 жылы туған ұлы Алтай Болатовтың үйіне оралмағанын айтып арызданған. Полиция қызметкерлері оның жүрген жерін анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Қазір 30-ға жуық қызметкер жұмылдырылған. Ер адамның психикалық ауытқуы бар болғандықтан, есін білмеуі мүмкін», — деп хабарлады Абай аудандық ІІБ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






