үй Қазақстан жаңалықтары Семейдегі құтқарушылар көпқабатты үйде өрт сценарийін пысықтады

Семейдегі құтқарушылар көпқабатты үйде өрт сценарийін пысықтады

108
0

162 Awrora

Семейдегі құтқарушылар көпқабатты үйде өрт сценарийін пысықтады

Фотосурет: Абай облысы ТЖД

Абай облысында көпқабатты аса биік үйдегі ауқымды өрт–тактикалық жаттығуы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Биік көпқабатты үйдегі өрт тактикалық оқу-жаттығуы Семей қаласы, Қарағайлы ықшам ауданындағы 12 қабатты «Көк құс» тұрғын үй кешенінде өткізілді. Жаттығу сценариі бойынша үйдің 6-шы қабатында электр тогының тұйықталуы салдарынан өрт шығып, жоғары қабаттың бәрін  түтін басады. Сондықтан, Абай облысының құтқарушылары өткізген оқу жаттығудың басты мақсаты – көпқабатты биік үйлерде болатын  өрт кезіндегі  өзара іс-қимылдарды пысықтау. 

Семейдегі құтқарушылар көпқабатты үйде өрт сценарийін пысықтады

Биік көпқабатты үйде өткізілген өрт тактикалық жаттығуына жеке құрамнан 47 адам, 16 бірлік техника жұмылдырылды. Аталған оқу-жаттығу барысында 25 тұрғын қауіпсіз жерге көшіріліп, 5 адам құтқарылды.

Жалпы жыл басынан бері Абай облысында аса жоғары қабатты үйлерде 6 өрт тактикалық жаттығуы және 30 өрт тактикалық дәрісі өткізілді. Сонымен қатар орманда 13 өрт тактикалық жаттығуы өткізілген.

Семейдегі құтқарушылар көпқабатты үйде өрт сценарийін пысықтады

Источник: dknews.kz