224 rob

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Мұхтар Жұмағазиев пен Бауыржан Қаниев сүт өнімдерін өндіру зауытының қызметкерлерімен кездесті. Депутаттарға бұл кәсіпорынның 20 жылдық тарихы бар және аймақтағы ең ірі кәсіпорындардың бірі екендігі айтылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
«Мемлекет отандық өндірісті барлық жағынан қолдауы тиіс. Ал азық-түлік, оның ішінде табиғи ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру – азық-түлік қауіпсіздігі мен салауатты ұрпақтың кепілі болып табылады. Сенаторлар сол себепті ауыл шаруашылығын дамыту және саланың қолда бар елеулі әлеуетін іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударып отыр» Мұхтар Жұмағазиев

Депутаттар Ақтөбе қалалық ветеринариялық станциясының қызметкерлерімен де кездесті. Олармен «Ветеринария туралы» Заңға енгізілген өзгерістер және толықтырулар мен осы саладағы өзекті мәселелерді талқылады.

«Еліміздегі мал шаруашылығының дамуы ветеринария саласындағы білікті кадрларға тікелей байланысты. Қазіргі уақытта технологиялардың қарқынды дамуына, осы салада заманауи әдістерді қолдануға байланысты жұмыстың сапасы мен тиімділігі арта түсуі керек. Осыған байланысты біз ветеринария саласын қолдауымыз керек» Бауыржан Қаниев
Источник: dknews.kz






