үй Қазақстан жаңалықтары Сенатта қылмыстық істер жөніндегі халықаралық ынтымақтастық туралы заңдар талқыланды

Сенатта қылмыстық істер жөніндегі халықаралық ынтымақтастық туралы заңдар талқыланды

26
0

295 Awrora

Сенатта қылмыстық істер жөніндегі халықаралық ынтымақтастық туралы заңдар талқыланды

Фотосурет: Б.Серікбай

Сенат депутаттары Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында Қылмыстық құқық бұзушылық рәсімдерінде өзара құқықтық көмек көрсетуге және сотталған адамдарды беруге қатысты заңдарды талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сенатта қылмыстық істер жөніндегі халықаралық ынтымақтастық туралы заңдар талқыланды

Сенаторлардың айтуынша «Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң Қазақстан мен Францияның құзыретті органдары арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек алу және көрсету мәселелері жөніндегі қатынастарды реттеуге бағытталған. Заңның қабылдануы екі ел арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықтың тиімділігін арттыратын болады. 

Сенатта қылмыстық істер жөніндегі халықаралық ынтымақтастық туралы заңдар талқыланды

Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әpi өтеу үшін беру туралы шартты ратификациялау туралы» заңда бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын өтеу үшін беру ұсынылып отыр. Заңның қабылдануы жазаны орындау мақсатына тиімді қол жеткізуге және сотталған адамдардың қоғамға қайта кірігуіне одан әрі жәрдемдесуге ықпал ететін болады.

Сенатта қылмыстық істер жөніндегі халықаралық ынтымақтастық туралы заңдар талқыланды

Сенаторлар комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша заңдарды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Источник: dknews.kz