111 Арман
«Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы Қарағандыда өткен «Ел боламын десең бесігіңді түзе» форумында бір жылдағы жұмысын қорытындылап, 300 балаға мереке сыйлады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Аяз Ата мен Ақшақар, ертегі кейіпкерлері мен атақты қала тұрғындары іс-шараның кішкентай қонақтарын Жаңа жылмен құттықтап, демеушілер тәттілер мен жемістер табыс етті.
Барлық төрт «Шаңырақ» орталығы (Қарағанды, Шет, Бұқар Жырау және Қарқаралы аудандарында) балаларға арналған мерекелер өткізді. Бұқар жырау ауданындағы филиал мүмкіндігі шектеулі 39 балаға арналған концерттік бағдарлама мен спартакиада ұйымдастырып, барлығына ойыншықтар мен тәттілер сыйлады.
Сондай-ақ, Ботақараның көп балалы отбасыларынан шыққан 51 бала жаңа жылдық тәттілер алды. Шет ауданында 35 балаға тәттілер берілді, ал 15 отбасы азық-түлік және көмірмен қамтамасыз етілді. Қарқаралы ауданында мүмкіндігі шектеулі 30 бала жаңа жылдық сыйлықтар алып, сегіз көп балалы отбасыға көмір сатып алынды.
2022 жыл біздің Тalbesyk ұйымымыз үшін берекелі жыл болды. Біз Қарқаралы, Шет және Бұқар жырау аудандарында филиалдар аштық. Бір жыл ішінде барлық төрт орталық 450 отбасына азық-түлік пен киім түрінде қайырымдылық көмек көрсетті. Биыл «Talbesyk көпбалалы аналар одағы» ҚБ демеуші тауып, әлеуметтік осал санаттағы жеті отбасына баспана сатып алды. Ал үш жыл ішінде ұйым 21 отбасын баспанамен қамтамасыз етті. Біздің жұмысымыз одан әрі жалғасады. «Шаңырақ» орталығының басшысы Ләззат Қожахметова
Источник: dknews.kz