үй Қазақстан жаңалықтары Шетелдік автокөліктер техникалық тексеруден өткізілуі тиіс

Шетелдік автокөліктер техникалық тексеруден өткізілуі тиіс

20
0


                Шетелдік автокөліктер техникалық тексеруден өткізілуі тиіс

Фото: ғаламтордан

Басқа мемлекетте тіркелген шетелдік автокөліктер Қазақстанның аумағына әкелініп, 90 күнтізбелік күн асқан бойда міндетті техникалық байқаудан өткізілу тиіс. Аталған талап осы жылдың 16-шы қаңтарынан бастап күшіне еніп отыр.

Алматы, NEGE. 2022 жылдың 30-шы желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойылған еді.

Соған сәйкес «Жол қозғалысы туралы» Заңында қарастырылған 88-баптың 1-бөлігіне басқа мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген немесе кірген сәтттен бастап, 90 күнтізбелік күн асқан бойда міндетті техникалық байқаудан өткізілуіне байланысты толықтырулар енгізілді.

Осы ретте елімізде жол қозғалысына қатысатын автокөлік құралдарының міндетті техникалық байқаудан уақтылы өткізілуін бақылауды ішкі істер органдары жүзеге асыратынын атап өткен жөн.

Қазір шетелдік автокөліктердің міндетті техникалық байқаудан өтуін қамтамасыз ету бойынша техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аталған көлік құралдарының міндетті техникалық байқаудан өткізу мерзімі қосымша хабарланатын болады.

Источник: nege.kz