үй Қазақстан жаңалықтары Шымкент: қаланың көркем құрылыстары аяқталуға жақын

Шымкент: қаланың көркем құрылыстары аяқталуға жақын

28
0

Шымкентте бүгінде заманауи конгресс-холдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Ол үшінші мегаполистегі жаңа шағынаудан – Шымкент ситидің аумағында бой көтерді. 

Ол көп функционалды орталық ретінде қала тұрғындарының игілігіне қызмет ететін нысанға айналады. Қазіргі таңда Конгрес-холда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, нысанның персоналды басқару жүйесіне мамандар оқытылып жатыр.  Заманауи талапқа сай жабдықталған ғимаратта халықаралық конгресстерді, форумдарды, мәжілістерді, симпозиумдарды, ресми іс-шараларды және пленарлық отырыстарды өткізуге барлық мүмкіндік бар. 


      Шымкент: қаланың көркем құрылыстары аяқталуға жақын

Жобаға сәйкес бірінші блокта мәдени іс шараларға арналған кәсіби мультимедиялық жабдықтар орнатылған 2 066 орындық көрермен залы орналасқан. Сондай-ақ, 190 орындық конференц-зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық баспасөз залы, техникалық бөлмелер бар. Ал екінші блокта қолөнершілер орталығы, шеберхана қарастырылған.  Қала әкімі жауаптыларға озық үлгіде жабдықталған жаңа нысанның мүмкіндігін арттыруда бірқатар тапсырма берді. Конгрес-холл өндірістік кестеге сәйкес жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Шымкентте көгалдандыру жұмыстары мықтап қолға алынуда. Осы бағытта шаһардың стратегиялық маңызы бар аудандарында саябақтар бой көтеруде. Қаланың ажарын аша түсетін нысанның бірі Шымситиде аумағы 45 гектар саябақ салынып жатыр. Аталған шағын ауданда 3 аумақта дәл осындай саябақтар салу жоспарлануда. Бірінші аумақ 18 гектар, екінші 20,4 гектар, үшінші 6,9 гектарды құрайды. Қазіргі уақытта 18 гектар аумақтағы демалыс аймағында инженерлік инфрақұрылымдық жүйелері толық аяқталған. Ал  20,4 гектар аумақтағы құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Саябақты көгалдандыру алаңы – 128 036 шаршы метр. Мұнда 40 балалар ойын алаңшасы мен 19 спорттық алаңы орналасады. Сондай-ақ 2,8 шақырымдық веложол, жүгіру жолақтары және жасанды көл салынып, 5 мыңнан аса ағаш көшеті мен 7 мыңнан аса гүл егу жоспарланған. Бүгінде саябақтың құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталды. Өндірістік кестеге сәйкес нысан келесі жылы пайдалануға беріледі.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно

Источник: kaz.kazlenta.kz