үй Қазақстан жаңалықтары Әскер спортшысы Софияда өткен дзюдо бойынша Еуропа кубогында сәтті өнер көрсетті

Әскер спортшысы Софияда өткен дзюдо бойынша Еуропа кубогында сәтті өнер көрсетті

15
0

241 rob

Әскер спортшысы Софияда өткен дзюдо бойынша Еуропа кубогында сәтті өнер көрсетті

Болгарияда дзюдодан ашық Еуропа кубогында (Sofia European Open 2023) сайыс өз мәресіне жетті. Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының әскери қызметшісі лейтенант Ғұмар Қырғызбаев 66 келі салмақта күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Спортшылардың бұл турнирге қатысуы 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысу үшін рейтингтік ұпай жинау тұрғысынан маңызды.

Әскер спортшысы Софияда өткен дзюдо бойынша Еуропа кубогында сәтті өнер көрсетті

– Осы кезеңде Ғұмар Олимпиадаға мерзімінен бұрын лицензия алды деп айтуға ерте. Дегенмен ол биылғы жылды өте жақсы бастағанын сенімді түрде айта аламын, – деп дзюдодан Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының жаттықтырушысы Ермек Насиев шәкіртінің жетістігін бағалады.

Ақтық сынға шығар алдында Ғұмар Қырғызбаев Болгария, Германия, Ұлыбритания және Италия спортшыларын жеңді. Ғұмар Қырғызбаев 9 минутқа созылған шешуші жекпе-жекте ғана украиналық Микита Холобородькоға есе жіберіп, жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді.

Жарысқа әлемнің 46 елінен 396 дзюдошы қатысқанын айта кеткен жөн. Еліміздің атынан 9 спортшы бағын сынады.

Источник: dknews.kz