үй Қазақстан жаңалықтары Әскери қаржыгерлер теңге күнін қалай атап өтті

Әскери қаржыгерлер теңге күнін қалай атап өтті

5
0

296 rob

Әскери қаржыгерлер теңге күнін қалай атап өтті

Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Республикасының ұлттық валюта күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға Экономика және қаржы, Ішкі аудит департаменттерінің, Мемлекеттік сатып алу бас басқармасының, Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының, Ақмола гарнизоны қаржы қызметтерінің өкілдері және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.

Әскери қаржыгерлер теңге күнін қалай атап өтті

Қорғаныс министрінің орынбасары Әскер Бейсенов қатысушыларды қаржыгерлер күнімен құттықтады. Ол Қазақстан әскерінің қаржылық қамтамасыз ету жүйесі мен заңнамалық негіздерін құруға және лайықты ізбасарларды тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосқан ардагерлердің шешуші рөлін атап өтті.

Әскери қаржыгерлер теңге күнін қалай атап өтті

– Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің нышандарының бірі – теңгемізге 30 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде қаржы қызметінің мамандары Қарулы күштердің тыныс-тіршілігін қаржылық қамтамасыз етудің отандық жүйесін қайта құрып, қалыптастыра алды. Оны одан әрі дамыту мемлекеттің әскери ұйымын жетілдіру, оның әлемдегі геосаяси жағдайға, елдің қазіргі экономикалық ахуалы мен ресурстық мүмкіндіктеріне байланысты өзгерістерге дайындығы жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді, – деді министрдің орынбасары.

Әскери қаржыгерлер теңге күнін қалай атап өтті

Салтанатты кеште кәсіби қызметте үздік нәтиже көрсеткен қаржыгерлерді марапаттау рәсімі өтті. «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен Қару-жарақ бастығы басқармасы қаржы басқармасының бастығы майор Серік Нұрсадықов және 40398 әскери бөлімінің бухгалтері кіші сержант Надежда Мануйлова марапатталды. Әскери қызметшілер мен азаматтық персонал өкілдеріне грамоталар табыс етіліп, Қорғаныс министрінің атынан алғыс жарияланды. Үш офицерге мерзімінен бұрын кезекті әскери атақ берілді.

Іс-шараға қатысушылар үшін Қарулы күштердің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайы отандық және шетелдік монеталар көрмесін ұйымдастырды. Бұл іспен жарты ғасырдан астам уақыт айналысып келе жатқан белгілі коллекционер Қайырбек Рамазанов бірегей экспонаттарын ұсынды.

Әскери қаржыгерлер теңге күнін қалай атап өтті

Мерекелік іс-шара Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.

Источник: dknews.kz