233 Awrora

Фотосурет: wikimedia.org
Биылғы жылы «Жас Бүркіт» әскери –патриоттық қозғалысының құрылғанына 20 жыл толғалы отыр.
Осыған орай «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 әскери бөлімі бастамасымен Мұхамет Шаяхметов атындағы №23 орта мектебінде шара өткізілді. Жастарға әскери – патриоттық тәрбие беру, өскелең ұрпақтың бойында Отанды қорғау мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған аталмыш шарада «Жас Бүркіт» әскери –патриоттық қозғалысының тарихы, оның қазіргі кездегі жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі рөлі аталды. Әскери бөлім тарапынан мектептің қоғамдық өміріне, оқуда белсене қатысып жүрген «Жас Бүркіт» сынып оқушыларына мақтау қағаздары табысталды. Шара әскери бөлімнің көркемөнерпаз құрамы дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.
Біз Қазақстанның болашақ әскерін құрайтын жас буынбыз. Осындай ұлан-ғайыр жерді бабалардан аманат еткенбіз және оны болашақ ұрпаққа мирас етіп қалдыру өз елінің патриоты деп есептейтін әр азаматтың қасиетті борышы мен міндеті болу керек. Бүгінгі жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін шара өткізіп жатқан әскери бөлім қызметшілеріне алғыс білдіреміз – дейді, Мұхамет Шаяхметов атындағы №23 орта мектебінің оқушысы Дияр Ақылбеков.
Источник: dknews.kz






