үй Қазақстан жаңалықтары Әскери қызметшілердің балаларын құттықтады

Әскери қызметшілердің балаларын құттықтады

15
0

162 rob

Әскери қызметшілердің балаларын құттықтады

Алматыда Жаңа жыл мерекесіне орай, 27 желтоқсанда ҚР Ұлттық ұланы Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің балалары үшін мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әскери қызметшілердің балаларын құттықтады

Әскери қызметшілердің балаларын құттықтады

Әскери қызметшілердің балаларын құттықтады

Мерекелік шара қуыршақ театрының ертегі кейіпкерлерінің балаларды көңілді қарсы алуымен басталды және жас көрермендерге жаңа жылдық құттықтаулар сыйлады.

Әскери қызметшілердің балаларын құттықтады

Іс-шараға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Ниязтай Әлкешев қатысты.

Әскери қызметшілердің балаларын құттықтады

— Құрметті қонақтар, бүлдіршіндер, сіздерді табалдырықтан аттағалы тұрған 2023 Жаңа жылмен құттықтағым келеді! Қоян жылы сіздерге жаңа күш, жаңа мүмкіндіктер, жаңа идеялар мен жаңа жетістіктер әкелсін. Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне шыдамдылық пен сыйластық тілеймін»,- деді. Сонымен қатар, Алматы мәслихатының депутаты Шухрад Ахметжанұлының атынан жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.

Әскери қызметшілердің балаларын құттықтады

Шыршаның соңында балаларға театр әртістері дайындаған «Қуыршақ» қойылымы көрсетілді. Балалар мен қонақтар тамаша көңіл-күймен тарасты.

Источник: dknews.kz