үй Қазақстан жаңалықтары Солтүстікте боран, оңтүстікте 35 градусқа дейін аяз. Бүгінгі ауа райы болжамы ...

Солтүстікте боран, оңтүстікте 35 градусқа дейін аяз. Бүгінгі ауа райы болжамы Кеше, 09:21

115
0

Синоптиктер 13 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • АВТОР
  • Гүлнара Досымшалова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Солтүстікте боран, оңтүстікте 35 градусқа дейін аяз. Бүгінгі ауа райы болжамы
                Кеше, 09:21

Солтүстікте боран, оңтүстікте 35 градусқа дейін аяз. Бүгінгі ауа райы болжамы

Синоптиктер 13 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі арктикалық антициклон әсер ететіндіктен жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Атмосфералық фрронталды бөліктердің өтуіне байланысты, республикамыздың шығысында, солтүстігінде, орталығында қар жауады, жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады. Республикамыздың оңтүстік-шығысында тұман түседі», — делінген хабарламада.

Ел аумағының басым бөлігі әлі де арктикалық антициклон ықпалында болады, соған байланысты, Түнде Алматы, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-35 градус аяз сақталады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -20-22, күндіз -15-17 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз -13-15 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -24-26, күндіз -10-12 градус болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz