үй Қазақстан жаңалықтары Сот Мейіржан Төребаев неге үйқамаққа ауыстырылғанын айтты ...

Сот Мейіржан Төребаев неге үйқамаққа ауыстырылғанын айтты Кеше, 08:48

44
0

Сот белгілі вайнер Мейіржан Төребаевтың тергеу изоляторынан босатылып, үйқамаққа алыну себебін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • АВТОР
  • Гүлнара Досымшалова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Сот Мейіржан Төребаев неге үйқамаққа ауыстырылғанын айтты
                Кеше, 08:48

Сот Мейіржан Төребаев неге үйқамаққа ауыстырылғанын айтты

Сот белгілі вайнер Мейіржан Төребаевтың тергеу изоляторынан босатылып, үйқамаққа алыну себебін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресми мәлімет бойынша, сот адвокаттың Мейіржан Төребаевтың кәмелетке толмаған бес баласының болуына байланысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішін қанағаттандырған.

«Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Төребаев расымен кәмелетке толмаған бес бала тәрбиеленіп жатқан отбасының жалғыз асыраушысы, оның денсаулығына байланысты күтімді қажет ететін қарт анасы да бар. Жалпы алғанда, мұндай мән-жайлар, соттың пікірінше, Төребаевқа қатысты бұлтартпау шарасын үйқамақ сияқты жеңілдетілген түрге өзгертуге негіз болуы мүмкін», — деді қалалық соттың баспасөз қызметі.

Бұған дейін соттың алдын ала отырысында Мейіржан Төребаев тергеу изоляторынан босатылып, үйқамаққа алынған болатын.

Еске салайық, қазақстандық танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов биыл сәуірде Mudarabah Capital қаржы пирамидасы схемасына қатысы бар деген айыппен қамауға алынған болатын. Олар күдікті деп танылып, түрмеде отыр. Олардан басқа іс бойынша жауапкер, үшінші вайнер Әзімжан Саидбаев бар. Оған іздеу жарияланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz