Қостанай облысында жеке сот орындаушылар қайтыс болған азаматтардан қарыздарын өндіріп келген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото:depositphotos.com Қостанай облысында жеке сот орындаушылар қайтыс болған азаматтардан қарыздарын өндіріп келген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңға сәйкес құқықтық қатынастар мұрагерлікке жол берсе, сот орындаушысы өндіріп алушы қайтыс болған жағдайда бір жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті (42-бап 1-тармақша). Бұл жағдайда өндіріп алушының құқықтық мирасқоры анықталғанға дейін атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұрады», — делінген ведомство хабарламасында. Ведомство мәліметінше, өндіріп алушы немесе борышкер болған азамат қайтыс болғаннан кейін шешімде белгіленген талаптар немесе міндеттер қайтыс болған адамның құқықтық мирасқорына ауыспаса, онда атқарушылық іс жүргізу тоқтатылады. Талдау барысында прокуратура мына жағдайларды анықтаған: «Заңды сақтамау нәтижесінде қайтыс болған 390-нан аса азамат борышкер борышкер болып қала береді. Осы дерек бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының атына заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді. Қадағалау актісі қаралып жатыр», — делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






