үй Қазақстан жаңалықтары Су тасқынынан өту қаупі жоғары өңірлерінде суды қауіпсіз өткізу мақсатында бірқатар іс-шаралар...

Су тасқынынан өту қаупі жоғары өңірлерінде суды қауіпсіз өткізу мақсатында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылады

24
0

400 rob

Су тасқынынан өту қаупі жоғары өңірлерінде суды қауіпсіз өткізу мақсатында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылады

Фотосурет: pixabay.com

Болжамды деректерді ескере отырып, су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігі және оның ведомстволық бағынысты құрылымдары жергілікті атқарушы органдармен және төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп су шаруашылығы жағдайына, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне тұрақты бақылау жүргізеді. Бұл туралы Орталық коммуникация қызметі алаңында ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидулла Азидуллин мәлімдеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ол республиканың су тасқынынан өту қаупі жоғары өңірлерінде суды қауіпсіз өткізу мақсатында жүзеге асырылатын іс-шараларға тоқталды.

«Қазсушар» РМК базасында министрліктің су тасқыны кезінде қызмет жасайтын жедел штабы құрылды және филиалдар базасында жергілікті облыстық жедел штабтары қызмет атқарады; кезекшілік кестесі бекітілді, Су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізілуде; республикалық меншіктегі барлық гидротехникалық құрылыстарда тасқын суларды апатсыз өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді; гидротехникалық құрылыстарды пайдалану қағидаларына сәйкес әрбір су қоймасы үшін су қоймаларын толтыруға және күтілетін түсімге байланысты режим кестелері бекітілді; су тасқыны кезеңі басталғанға дейін пайдалану қызметтері бекітілген кестелерге сәйкес су тасқыны суларын жинақтау үшін су қоймаларындағы бос сыйымдылықтардың қажетті қорын қамтамасыз етеді; сонымен қатар «Қазсушар» РМК филиалдарының және бассейндік инспекциялардың өкілдері төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиялардың құрамына енгізілді; министрлікпен көрші мемлекеттерде орналасқан трансшекаралық су объектілерінде су жинақтау көлемі туралы мәліметтер талданады; гидротехникалық құрылыстардың пайдалану қызметтері су шаруашылығы жағдайына бақылау жүргізеді, гидротехникалық құрылыстар ағымдағы су шаруашылығы жағдайын ескере отырып, пайдалану қағидаларына сәйкес штаттық режимде пайдаланылады» Ғалидулла Азидуллин 

Оның айтуынша, «Қазсушар» РМК филиалдарында ТЖ туындаған жағдайда 1403 бірлік автокөлік және арнайы техника, 3500 тонна жанар-жағармай дайындалды, инертті материалдар – 50 000 тонна, қаптар – 38 200 дана, кіреберіс және пайдалану жолдарынан қар тазартылды — 150 шақырым.

Жалпы республикалық меншіктегі объектілердегі су шаруашылық жағдай Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ерекше бақылауында.

Источник: dknews.kz