үй Қазақстан жаңалықтары «Тұрғын үй салынады деп жоспарланған». Құрылысшы атышулы көшені алматылықтарға қайтарды ...

«Тұрғын үй салынады деп жоспарланған». Құрылысшы атышулы көшені алматылықтарға қайтарды Кеше, 10:40

23
0

Алматыда құрылыс компаниясы тұрғын үй кешенін салғысы келген атышулы көшені тұрғындарға қайтарып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


"Тұрғын үй салынады деп жоспарланған". Құрылысшы атышулы көшені алматылықтарға қайтарды
                Кеше, 10:40

Алматыда құрылыс компаниясы тұрғын үй кешенін салғысы келген атышулы көшені тұрғындарға қайтарып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме Тимирязев пен Сәтбаев көшелерінің арасында орналасқан Политехническая көшесі туралы болып отыр. Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде қала әкімі Ерболат Досаев алматылықтар бұл жолды қайта пайдалана алатынын айтты.

«Былтыр желтоқсанның басында Политехническая көшесінің жабылуы қоғамда резонанс тудырды. Құрылыс салушының жобасы бойынша серіктестікке тиесілі бұл көшенің бір бөлігі жабылып, оған екі тұрғын үй кешені салынады деп жоспарланған болатын.

Құрылыс салушы жобаны өзгертті, қазіргі уақытта көше ашық, компанияның жеке қаражаты есебінен жол бөлігі қалпына келтірілді. Ақпанның аяғына дейін жер телімі қаланың коммуналдық меншігіне беріледі», — деді мегаполис басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz