үй Қазақстан жаңалықтары «Тұрақты қаржы және инвестициялар»: тұрақты даму мақсаттарын іске асыру мәселелері II Баку...

«Тұрақты қаржы және инвестициялар»: тұрақты даму мақсаттарын іске асыру мәселелері II Баку форумында талқыланды

6
0

149 rob

"Тұрақты қаржы және инвестициялар": тұрақты даму мақсаттарын іске асыру мәселелері II Баку форумында талқыланды

Фотосурет: ҚР Ұлттық экономика министрлігі

Форумға БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясының төрағасы Деннис Френсис, Әзірбайжан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Әли Ахмедов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов, БҰҰ-ның Әзербайжандағы Тұрақты үйлестірушісі Владанка Андреева, сондай-ақ Шығыс Еуропа, ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) және Орталық Азия елдерінің өкілдері қатысты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара барысында қатысушылар Орнықты даму мақсатына қол жеткізу үшін қаржы архитектурасын қайта құру», «Орнықты даму мақсатына қол жеткізу үшін инвестицияларды ынталандыру», сондай-ақ «Климаттық қаржыландыру және «жасыл» өсім» тақырыптары бойынша өзара тәжірибе алмасты.

"Тұрақты қаржы және инвестициялар": тұрақты даму мақсаттарын іске асыру мәселелері II Баку форумында талқыланды

Б.Құдайбергенов өз сөзінде еліміз қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын толықтай қолдайтынын атап өтті.

"Тұрақты қаржы және инвестициялар": тұрақты даму мақсаттарын іске асыру мәселелері II Баку форумында талқыланды

-Бүгінде Орнықты даму мақсаттарының индикаторларын ұлттық стратегиялар мен даму бағдарламаларына енгізу міндетті болып табылады. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін реформалау аясында елдің стратегиялық міндеттеріне, оның ішінде Орнықты даму мақсаттарының міндеттері мен индикаторларына байланысты бюджеттік жоспарлау құрылады.

Сонымен қатар форумға қатысушылар жеке сектор тарапынан Орнықты даму мақсаттарын қаржыландырудың азақстандық тәжірибесін, оның ішінде инвестициялық құралдарды және бизнесті ынталандыру бойынша қабылданып жатқан шараларды қарастырды.

Форум соңында ынтымақтастықты нығайту және өңірдегі Орнықты даму мақсаттарын тиімді іске асыру жөніндегі стратегияларды әзірлеу бойынша ұсыныстар қабылданды.

Источник: dknews.kz