үй Қазақстан жаңалықтары Түркияда оқып жатқан қазақстандық студенттерді университеттер қабылдауға дайын ...

Түркияда оқып жатқан қазақстандық студенттерді университеттер қабылдауға дайын Кеше, 12:52

30
0

Қазақстандық жоғары оқу орындары Түркиядан студенттер мен қандастарды жедел түрде қабылдауға дайын. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Түркияда оқып жатқан қазақстандық студенттерді университеттер қабылдауға дайын
                Кеше, 12:52

Фото:elements.envato.com

Қазақстандық жоғары оқу орындары Түркиядан студенттер мен қандастарды жедел түрде қабылдауға дайын. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр әңгіме қазақстандық студенттер мен қандастарға қатысты екенін түсіндірді.

«Қазір Сыртқы істер министрлігімен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз. Біз осы қиын кезеңде Түркияда оқитын студенттеріміз бен қандастарды қазақстандық жоғары оқу орындарға қабылдауға дайынбыз. Ол үшін арнайы құжат қабылдау тәртібін өзгерттік. Бұрын сессиялардан, жазғы демалыстардан кейін болатын болса, енді жыл бойы қиын жағдай туындағанда біздің университеттер қабылдауға дайын. Қазірдің өзінде құжаттар тапсырылып жатыр», — деді Нұрбек.

Кейінгі мәлімет бойынша, Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 36 мыңнан асты.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында және Сирияның бірнеше провинциясында екі күшті жер сілкінісі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz