үй Қазақстан жаңалықтары Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары табылған...

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары табылған жоқ

14
0


                Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары табылған жоқ

Фото: ғаламтордан

Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Алматы, NEGE. «Қазіргі таңда консул Түркияның төтенше жағдайлар бойынша басқармасымен тікелей байланыста. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары табылған жоқ», — деді ресми өкіл.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Түркия мен Сирияда болған зілзаладан қаза тапқандар саны 500-ден асты.

Источник: nege.kz