үй Қазақстан жаңалықтары Түркістандық оқушы қымыз құятын робот ойлап тапты

Түркістандық оқушы қымыз құятын робот ойлап тапты

102
0


                Түркістандық оқушы қымыз құятын робот ойлап тапты

Фото: Qazaqstan

Түркістан облысы Төле би ауданында 9-сынып оқушысы Жансұлтан Төребек қымыз құятын робот жасап шығарды, деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы. 

Алматы, NEGE. Робот Асылбек деп аталады. Кез келген адам роботқа арнайы пластикалық картаны жақындату арқылы Асылбекті сөйлете алады. Содан кейін робот қымыздың шипалы қасиеті туралы қысқаша мағлұмат береді әрі ыдысқа пайдалы сусын құяды.

«Ұлттық сусынымызды насихаттайтын болғандықтан, Асылбектің ұлттық киімде болғаны дұрыс деп шештік», – дейді Жансұлтан.

Оқушыға роботты жасап шығуға информатика пәнінің мұғалімі көмектескен.

Источник: nege.kz