Фото: ҚазАқпарат
Қаңтар құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалының сәулетшілері – Ғайни Сағидуллаев пен Алексей Ивженко әлеуметтік желіде ескерткіштің сапасын сынаған жазбаларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде мемориалдың сапасын сынаған видео тарады.
Алексей Ивженконың айтуынша, видеода келтірілген деректер шындыққа жанаспайды, ал видео авторы маман емес екені көрініп тұр. Ол плитканы граниттен ажырата алмады.
«Тас тақталарда қолданылған материалдардың барлығы табиғи – олар тек гранит, мәрмәр, сланец сияқты әртүрлі тастар. Біз плитка, керамогранит сияқты жасанды материалдарды қолданудан әдейі аулақ болдық, өйткені біз оларды ел тарихындағы маңызды оқиғаларды білдіретін кешен үшін жарамсыз деп санадық», — деп атап өтті сәулетші.
Сонымен қатар, мемориал авторлары, алаңда жасанды құрылыс материалдары қолданылмағанын жеткізді.
«Еден плиткалары табиғи тастан, су, ылғал, суық кезде түсін өзгеретін граниттен жасалған. Мұны кез келген маман біледі. Граниттің жоғары ылғалдылықта басқа түске өзгеруі, оның таза емес екенін білдірмейді. Жердегі плиткалар арасындағы бос орындар арнайы дренаждық арналар ретінде жасалады. Яғни, «жарықтар» емес, жаңбыр, еріген су ағатын жерлер. Бейнеролик авторы білместікпен бе, әлде басқа себеппен жалған ақпарат таратқан, ал шын мәнінде бұл оның беделін түсіру әрекеті болса керек», — дейді Ғайни Сағидуллаева.
Алексей Ивженко еден плиткаларының орнынан қозғалып кетуі ауа райы жағдайларына байланысты болуы мүмкін деп болжады, өйткені желім аяздан «жабыспады».
«Бұл, әрине, мердігердің кемшілігі, менің білуімше, тез арада түзетілді. Бірақ, екінші жағынан, мүмкін оны әдейі жұлып алған болуы мүмкін (міндетті түрде видео авторы емес)? Осыған орай, объектінің бүлінуі мұндай әрекеттің моральдық жағын айтпағанда, заңмен белгіленген жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз», — деді Алексей Ивженко.
Сәулетшілер мемориал қыста салынғанын, сондықтан төсеу мен орнатуда кемшіліктер болуы мүмкін екенін атап өтті.
Источник: nege.kz