Талдықорғанда дәмханада төбелес шығарғандар қамауға алынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
instagram Талдықорғанда дәмханада төбелес шығарғандар қамауға алынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды. «Оқиға орнына келген полицейлер қақтығысқа қатысушыларды қалалық әкімшілікке жеткізді. Оқиға ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігінде көзделген факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысын бастап, сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексі («Адамдар тобында жасалған бұзақылық») деп тіркелді», — делінген хабарламада. Полицияға дәмхана әкімшілігі хабарласқан. Төбелеске қатысқан 3 азамат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Қылмыстық іс ерекше бақылауға алынды. Тергеу барысында іске қатысушы әр тұлғаның әрекетіне тиісті баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сай процессуалдық шешім қабылданады, — деді облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Саданов. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






