үй Қазақстан жаңалықтары Тамақтанудың жаңа нормалары: қазақстандық мектептердегі балалар үшін не өзгерді?

Тамақтанудың жаңа нормалары: қазақстандық мектептердегі балалар үшін не өзгерді?

20
0

231 rob

Тамақтанудың жаңа нормалары: қазақстандық мектептердегі балалар үшін не өзгерді?

Фотосурет: © Sputnik / Владислав Воднев

Білім беру ұйымдарына жеткізілгенге дейін барлық өнімдердің санитарлық қорытындылары болуы керек, ал азық-түліктердің жәй-күйін бракераждық комиссиялар бақылай алады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Комиссия құрамына ата-аналар мен қамқоршылық кеңес, сондай-ақ мектеп әкімшілігі мен медицина қызметкерлері кіреді.

Бүгінде Балалардың құқықтарын қорғау комитеті сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру мақсатында білім беру ұйымдарындағы балалардың тамақтану стандарттарын қайта қарады. Өңірлерде шығарылатын отандық өнімдерді пайдалана отырып, ас мәзірін әзірлеуге қатысты қағида енгізілді. Бракераждық комиссиялардың, ведомствоаралық сарапшылық топтардың мүшелері үшін мониторинг топтары қызметінің тәртібі туралы заңнамалық нормалар бекітілді.

Мектептерде тамақтану мәдениетін қалыптастыруға да ерекше көңіл бөлінуде. Әсіресе, санитарлық тазалық пен гигиенаны сақтау, дастархан мәдениеті мен дұрыс тамақтануды насихаттау қолға алынуда.

Еске салайық, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1,6 миллионнан астам қазақстандық оқушы, оның ішінде 1,4 миллион 1-4 сынып, әлеуметтік осал топтағы отбасылардан 200 мыңнан астам 5-11 сынып оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылған.

Источник: dknews.kz