үй Қазақстан жаңалықтары Теңіз кен орнындағы жұмысшылардың талабы туралы ақпарат

Теңіз кен орнындағы жұмысшылардың талабы туралы ақпарат

16
0

234 rob

Теңіз кен орнындағы жұмысшылардың талабы туралы ақпарат

Фотосурет: gov.kz

11.02.2023 жылы сағат 10:30-да үзіліс кезінде Теңіз кен орнының үшінші буын зауытының 42-учаскесіне тартылған «Senimndi Kurylys» ЖШС-нің 200 қызметкері жиналып, 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін жұмысқа қабылданған қызметкерлерге бір реттік сыйақыға қатысты түсіндірме беруді талап етті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазір Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Теңіз кен орнында Жылыой ауданы әкімі Ж.Қаражановтың төрағалығымен арнайы комиссия құрылды.

Комиссия құрамында «Теңізшевройл» ЖШС өкілдері, «Senimdi Kurylys» басшылығы мен жұмысшылары, Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері бар.

Комиссия жұмысының қорытындысы қосымша хабарланады.

Источник: dknews.kz