үй Қазақстан жаңалықтары Тегеуірінді рота

Тегеуірінді рота

63
0

253 rob

Тегеуірінді рота

Фотосурет: ҚР ҰҰ баспасөз қызметі

«Ереулі атқа ер салмай, ерлердің ісі бітер ме?!»,-деп айтқан Ер Махамбет ақынның сөзіне терең боласақ, одан үлкен мән табатынымыз анық.

Жұмыр басты пенде жылы жайлы орында отыра беретін болса, онда оның нағыз Отан қорғаушыға тән қасиеттері: ержүректілік, тегеурінділік, шыдамдылық бойынан табыла қоймас. «Болат қайнауда, ер майданда шынығады» дегендей, ер азаматтар әр кезде қиындықтарды еңсере ермінезділікті қалыптастырулары шарт. Күн аман, жұрт тыныш кезде де қаруларын асынып, жауынгерлік қызмет атқаратын бірден бір ұжым  — атқыштар ротасы. Бүгін біз сондай ұжымдардың бірімен етене танысуға мүмкіндік алдық. Бізді 6636 әскери бөлімі атқыштар ротасының командирі капитан Бахтияр Елеуқұлов қарсы алды.

Астана қаласы «чугунка» деп аталып кеткен қала аумағы. Бұрынғы Целиноград кезінен өңдірістік аудан саналып кеткен бұл аймақта бұрынғы кезеңнің көріністері көптеп кездеседі. Міне терміржол, міне қойма, міне миницехтар енді міне бүкіл Кеңес Одағына әйгілі болған 6636 әскери бөлімі.Барлығы сұрғылт тартқан, айналасына қаһарын шашқан ғимараттар. Жол түсіп келіп қалсаңыз Астана қаласында емес, құдды бір кеңестік замандағы бір қалаға саяхат жасағандай боласыз. Барлығы сол баяғы бәз қалпында Ардагерлердің айтуы бойынша бұл әскери бөлім айдауылдау, қарауыл қызметі және ҚАЖ мекемелерін күзету секілді маңызды жауынгерлік қызметпен айналысқан және бұл әскери бөлімге Арқалық, Көкшетау, Қостанай өңіріндегі жеке атқыштар роталары бағынысты болған. Әскери бөлімнің қасында Целиноград, Ақмола кейінде Астана қаласындағы қылмыстық атқарушы жүйе мекемесі, ел аузында «түрме», «абақты» аталып ғимарат болған. Әскери бөлімінің негізгі міндеті де аталған мекемені жіті күзету еді. Сонымен шамасы 5 жыл бұрын қылмыстық атқару мекемесі жойылып, әскери бөлімнің де қызметі өзгерді. 3660 қамтамасыз ету әскери бөлімі Алматы облысына ауыстырылып, қарауылдау әскери қызметіне кірісті. Ал, 6636 әскери бөлімі қамтамасыз ету полкіне айналды. Солай десе де, бұрынғы қаһарлы құрамадан бір жұрнақ қалды. Ол бүгінгі біз аяқ басқан атқыштар ротасы.

Тегеуірінді рота

Бүгінгі атқыштар ротасының ерекшелігі мұнда көбінесе келімсімшарт негізіндегі әскери қызметшілер қызмет атқарады. Сапбаздардың саны ілуде бір, солай десе де сарбаздардың ең мықтысы, ең шыдамдылары ғана бұл ротаға алынады. Өйткені, бұл рота сонау көп жылғы жауынгерлік дәстүрдің жалғастырушылары. Тәуліктің кез келген мезігілінде дабыл бойынша көтеріліп, қай кезде де атқа қонуға дайын. Сонымен қатар, қару-жарақпен, толық құрылғылармен кезекшілікке де түседі.

— Ең бірінші кезекте біз әскери тәртіпті бірінші орынға қоямыз. Біздің арамызда  жеңіл ойлы, қылжақ бас, әлжуас азаматтар болмауы керек. Өйткені біз қарумен қызмет атқарамыз. Қару өздеріңіз білесіздер, қалжынды түсінбейді, қателікті кешірмейді. Демек адам әр кезде өзін сергек ұстау керек. Ойы да, ісі де анық болғаны шарт. Ішкі тәртіп, әскери қызметшінің жеке басының тәртібі. Сыртқы ұқыптылық — ішкі жинақылықтың, өзін-өзі ұстай білушіліктің, өзіне және айналасындағыларға талап қоя білушіліктің белгісі болып табылады. Сондықтан ротадағы тазалық пен ұқыптылық бірінші кезекте. Тағы бір назар аударатын жәйт, біз сотталушы, не болмаса істі адамдармен жұмыс жасаймыз. Сот қарауылын, қарсы алу қарауылын атқарамыз. Сот үкімі шыға қоймаған азаматтың ойында не барын білмейсің, ол тіпті қашуға әрекет етеді ме, ол жағы да беймәлім. Сондықтан барлығы тәртіп бойынша, заң бойынша жүргізілсе, олардан келетін қауіпте болмайды,-дейді рота командирі Бахтияр Елеуқұлов.

Біз офицерден сот қарауылы мен қарсы алу қарауылы туралы атып өтуді сұрадық.  Сауалымызға да мардымды жауаптар алдық. Өздеріңіз білетіндей елордада қылмыстық атқару мекемесі жоқ. Бұл жерде тергеу изоляторы орналасқан. Астана қаласында істі болғандар бар немесе қылмысын атқарушының ісі бойынша жаңа деректер шығып, оны Астанаға айдауылдау қажет болғанда атқыштар ротасының жауынгерлері оны қарсы алып, тергеу изоляторына жеткізеді. Екі ортада күзетті қамтамасыз етеді. Сондайа-ақ, аса маңызды қылмыстық істерді Астанада қарастыру талап етіледі. Сонда күдіктіні елордаға алып келеді. Оны қажетті орынға жеткізу міндеті біздің ұландық жауынгерлерге жүктелген. Қай кезде болмасын теміржол стансасында автозак көлігі көзге көрініп қалуы мүмкін. Астанаға келген азаматтар да оны көріп қалуы мүмкін. Сонда қару асынған әскерилер қызметтік иттерімен адамдарды вагоннан көлікке мінгізіп жатады. Міне, сол жігіттер атқыштар ротасында қызмет атқарады.

Тегеуірінді рота

— Біздің ротада тағы бір талап ол – үнемі жауынгерлік дайындықты арттыру талабы. «Солдатқа деген ең жоғары қамқорлық — оны әскери ойында аямау, оны жорық пен жауынгерлік өмірдің барлық ауыртпалықтары мен қиыншылықтарына төзімді етіп үйрету. Сонда ғана солдат ұрыстың әдістері мен техникасын толық меңгеріп, шайқас даласында өзін суда жүзген балықтай сезінеді»,-деп айтқан екен атақты қолбасшы Бауыржан Момышұлы. Атқыштар ротасында қызмет атқаратын әскери қызметші қарудан көздеп дәл ататын, жүгіргенде қуып жететін, жекепе-жек ұрыстын әдісін меңгерген маман болуы шарт. Біз жылбойына жауынгерлік дайындығымызды артыру бойынша жұмыс жасаймыз.  Мұны біз әскери нормативтерге сай жүргіземіз. Айдауылдау қызметіндегі адам барлық жағынан мығым болуы шарт,-дейді ол.

Спорт демекші, атқыштар ротасы үнемі әскери бөлім ішіндегі және қаладағы командалық жарыстарға қатысады. Жүлделі орындарға да қол жеткізе алды. Оларды бастап шығатын капитаны капитан Б. Елеуқұлов. Бахтиярдың өзі де спортқа жаны жақын адам. Ақмола облысындағы атбегілер отбасында дүниеге келген. Ат жалын тартып мінген жастан бастап, жылқыға байланысты ұлттық спорт түрлерімен жанысүйіп айналысады. Адарыспақ, теңге ілуден бөлек көкпармен кәсіби түрде айналысқан. Аудандық команданың белді мүшесі де болған. Көкпар десе делебесі қызып, ішкен асын жерге қоятын балуан. Әскери қызметтен бос кезде ауылына ат басын тіріп, жылқымен серуендеуді ұнатады.

— Қазақ ұлтың қасқыр мінезді, жылқы мінезді деп суреттеуі бекер емес. Ат жеті қазынанын бірі. Ең таза, әрі сезімтал жануар. Бұрынғы заманда, тарихты оқысаңыз ата-бабамыз қолына найза алып, болат тұяқты тұлпарларымен мына ұлан-қайыр жерімізді қорғап қалмаппа еді. Жылқы жануарларымызды ерекше құрметтейтініміз де осыдан. Соғыста батырларымыз жаудың бетін қайтарса, бейбіт күні аударыспақ ойнап, көкпар тартатын. Бұл соғысқа дайындалу әдісі. Әскери тілмен айтқанда жауынгерлік даярлық. Ұлттық ойындарды ойнаған, ұлттық тілді меңгерген, ұлтың сүйетін азаматтар Отанды қорғауға бірінші болып келуі керек деп есептеймін. Отан қорғау ісінде жеңіл, ауыр деген болмайды. Барлық ер азамат ол – Отан қорғаушы деп білемін,-дейді ол.

Басшысы үлгі болған озат ұжымда өзге де үздіктер аз емес. Қарауыл бастығы аға сержант Аян Бижекенов және аға сержант Асқар Мукашев мырзаларда үздіктердің қатарында. Жыл қортынысы бойынша арнайы дипорммен де марапатталған.

— Рота басшылығы жалпы әскери бөлім басшылығы еңбегімді бағалап, үздіктер санатына қосып жатқаны мен үшін абырой, онымен қоса үлкен жауапкершілік.  Атқыштар ротасында қызмет атқару үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл қасиет жылдар өте бойымызда қалыптасады. Апта бойындағы нұсқаулық сабақтар, қызмет те тәжірибе жинақтау барлығы үлгілі болуға ыңталандырады. Мен ғана емес, қасымдағы қаруластарым да үлгі алар азаматтар. Олар өздерінің өмірлік ісі ретінде Отан қорғау саласын таңдаған жандар. Барлық әскерилер құрметке лайықты деп білемін,-дейді аға сержант Бижекенов Аян.

Ротадағы моральдық-психологиялық климатқа жауапты тәрбиеші офицерлер екені анық. Жоғарыда рота командирі әскери тәртіп туралы өз пікірін білдірген еді. Енді тәртіпкетікелей жауапты рота командирінің тәрбие және әлеуметтік – құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары аға лейтенант Орысбаев Медет мырза  не дейді екен.

— «Отан отбасынан басталады» дейтін жақсы сөз бар. Адам Отанын отбасындай жақсы көруі шарт. Өйткені қоғам да, Отан да отбасынан құпралады. Ғалымдардың зертеуінше, адам баласы өзінің басым бөлігін ұжыммен өткізеді. Ол да бір отбасы іспетті болып кетеді. «Ұлттық ұлан  — жауынгерлік жанұя» деп бекер айтылмайды. Біз жауынгерлік жанұядай ұйысқан ұжымды қалыптастыруымыз керек. Керек кезде бір -бірімізге арқасүйейтін, сене алатын, сонымен қатар тәртіпті сақтау білетін, өзара түсіністігіміз жоғары коллектив болуымыз керек. Сол үшін де көп жұмыстар жүргізіліп жатыр. Взвод командирлері сержант Молдабаев Бижігіт пен лейтенант Калымов Амантай және үздік взвод командирімен  марапатталған лейтенант Ахметов Асылбек мырзалар қарауыл жеке құрамымен нұсқаулық сабақтар жүргізіп лаузымдық міндеттерін қосымша сабақтар арқылы ұдайы толықтырып отырады.

Ротада ақпараттандыру жұмысы, тәрбие жұмысы үнемі жүргізіліп жатады. Сонымен қатар, тек қызмет уақыты ғана емес, жұмыстан тыс та уақыт бақылауға алынады. Отбасылық жағдайда зерделенеді. Бізде көбінесе келісімшарт қызметінің әскери қызметшілері олардың көңіл-күйі мен қызметке деген берілуі отбасындағы жағдаймен жіті байланысты. Сондықтан әр кезде командалық ойындар өткіземіз, психологиялық тренингтер жасаймыз. Барлығы ротаны бір мақсатқа, жауынгерлік қызметке жұмылдыру үшін жасалады. Барлығымыз бір үйдің баласындай қызметте жүктемені көтере білсек, қызметтен тыс кезде де үлгі бола білсек, онда өміріміздің барлық компаненттері толық болады. Абай атамыз айтқандай «толық адам» санаитында боламыз,-деп ағынан жарылды ротаның тәрбиешісі.

Жауынгерлік қызмет демекші, мұнда жауынгерлік жүктеме де баршылық. Рота командирінің айтуынша, ауданаралық сот, қалалық сот, аса маңызды сот және қарсы алу қарауылдары үнемі өтіп тұрады. Айдауылдау қызметі бір дамылдамайды. Жылына шамамен қалалық соттың өзі айына 5 ден жылына 61 ден асады. Арнайы мамандандырылған ауданаралық  сотың айына 22 жылына 266-қа жуық өтсе, Ақмола гарнизондық әскери соты айына шамамен 18 жылына 216 мәрте қызмет артқарылады. 264 қарсы алу қарауылы бар, және.

Тегеуірінді рота

ҚР әскери соты айына шамамен 2 жылына 26. Арнайы мамандандырылған әскери соты жылына 200 ден асады.  Жалпы жылына 1000 астам талаптар түседі. Осы жауынгерлік қызметті атқару барысында ерекше көзге түскен ,үздік қарауыл бастығының көмекшісі аға сержант Дияров Ильяс , сержант Турабеков Нурбек және сержант Бейшехан Бекарысты айта кетер болсақ, үздік сақшы қатарына кіші сержант Ибрагимов Емберген мен Сержант Нурсейтов Медет және қатардағы Тұрғынбай Аңсарды,және  арнайы автокөлік жүргізушілері аға маман аға жүргізуші ефрейтор Сахаба Нұрбек пен аға маман аға жүргізуші сержант Қабылбеков Нұрбайды Рота командирі капитан Бахтияр Елеуқулов ерекше айта кетті.

Барлығы бір ротаға түсетін жүктемені артқарады. Бұрында бір әскери бөлім атқарған қызметті бүгінде жалғыз атқыштар ротасы атқарып келеді. Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар орын алмаса, Астананың өзіндегі атқыштар ротасына әскери қызметшілерді тарту мәселесі орын алатыны жасырын емес. Әдетте әскери бөлім басшылығы мамандар тарту ісінде белсенді жұмыс жасап жатқанымен ротаның қатары әлі де толық жасақталған жоқ. Бұл мәселе де өзінің оң шешімен тапса деген ниет байқалады.

Міне, осылайша атқыштар ротасының елеулі қызметімен капитан Бахтияр Елеуқұлов та бізді таныстырып өтті. Жауынгерлік дәстүрге адал ротаның қызметі осылайша дөңгеленіп келеді. «Парыз — бұл орындалуға тиіс міндет пен әрекет» демекші, рота өзіне жүктелген міндетті сынан сүрінбей орындап келеді. Аса қауіпті қылмыскерлер мен басы күдікке ілінген тағдыры талайлы жандарды айдауылдау үшін де жоғары дайындық пен рух қажет. Осындай жауапты жүкті кәтепті қара нардай арқалаған жігіттердің еңбегі жана берсін деген тілекпен бүгінгі мақаламызды аяқтаймыз. Ел аман, жұрт тыныш болғай!

Кіші сержант Батырлан Алпысбаев

Источник: dknews.kz