үй Қазақстан жаңалықтары Тимур Құлыбаев Kazenergy төрағасы қызметінен кетті ...

Тимур Құлыбаев Kazenergy төрағасы қызметінен кетті Кеше, 15:27

112
0

Қазақстандық кәсіпкер Тимур Құлыбаев Kazenergy қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қауымдастықтың

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Тимур Құлыбаев Kazenergy төрағасы қызметінен кетті
                Кеше, 15:27

Фото: kazenergy.com

Қазақстандық кәсіпкер Тимур Құлыбаев Kazenergy қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қауымдастықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Kazenergy мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы болып Мағзұм Мирзағалиев сайланды.

«Тиісті шешім 8 желтоқсанда Алматыда өткен Kazenergy кеңесінің жеке отырысында қабылданды», — делінген хабарламада.

Kazenergy қауымдастығы мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында 2005 жылғы 2 қарашада құрылды.

Тимур Құлыбаев 2005 жылдың қарашасынан бері Kazenergy Қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдары қауымдастығының төрағасы қызметін атқарды.

Қауымдастық мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібінде қызмет ететін 59 компанияны біріктірді. Kazenergy қызметінің мақсаты — әлемде және ҚР-да энергетикалық және экологиялық саясаттағы өзгермелі басымдықтар жағдайында ҚР энергетикалық (мұнай-газ және электр энергетикасы) саласының тұрақты және теңгерімді дамуына жәрдемдесу.

Қауымдастық төрағасының қызметі ерікті негізде және оған ақы төленбейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz