139 rob

Фотосурет: Azattyq Rýhy
Шығыс Қазақстан облысының аумағы сейсмикалық аймаққа жатады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Соңғы 10 жылда облыс аумағында 6 баллдан аз 20-дан астам жер сілкінісі болды. Зардап шеккендер мен қиратулар тіркелген жоқ.
Құтқарушылардан және жер сілкінісі аймағына барғандардан ең тиімді кеңес: алғашқы дүмпулерде сіз үйден шұғыл түрде жүгіріп шығуыңыз керек, бірақ бұл үшін сізде 15-20 секунд бар. Егер сіз осы уақыт ішінде шығып үлгермесеңіз, тұрған жерде паналау керек. Ғимарат шайқалған кезде баспалдаққа шықпаңыз, сонымен қатар жеделсатыны қолдануға бомайды.

Жер сілкінісі кезінде жіберілетін қателіктер:
- Дүрбелең кезінде сіз абдырап қалуыңыз мүмкін. Бұл дұрыс емес әрекеттерге және олардан болатын қауіпті салдарға әкеледі. Адамдар терезеден секіреді, баспалдақпен жүгіре жөнеледі.
- Тез қашуға уақыт жоқ болса — бөлмеде паналаңыз. Бірақ көбінесе адамдар қауіпсіз жерлерді дұрыс таңдамайды және терезелердің, батареялардың, сыртқы қабырғалардың жанында жасырынып, баспалдақтар мен балкондарға жүгіреді. Сонымен қатар, қауіпсіз орындар: ішкі күрделі құрылыс қабырғалары, есіктер және күрделі құрылыс қабырғаларының бұрыштары.
- Адамдар дүмпулер кезінде теледидарды, тұрмыстық техниканы құлап қалмауы үшін ұстап қалуға тырысады, бұл жарақатқа әкелуі мүмкін. Олар уақытты (санаулы ғана) құтқаруға емес, құжаттар мен құнды заттарды іздеуге жұмсайды.
- Ғимараттан шыққаннан кейін адамдар көбінесе кіреберістердің жанында тұрып, дүмпулерді күтеді, ал балкондар мен лоджиялардан, шатырлардан заттар, құрылыс материалдарының қалдықтары құлап кетуі ықтимал.
ШҚО ТЖД құтқарушылары сейсмикалық қауіпті аудандардың тұрғындарына дәрі-дәрмектер, қажетті заттар, өнімдер, құжаттар, қолшам, жылы заттар салынған дабыл сандығын алдын ала дайындауды ұсынады.
Источник: dknews.kz






