үй Қазақстан жаңалықтары ТЖ туындаған кездегі іс-қимылдар: ірі сауда орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

ТЖ туындаған кездегі іс-қимылдар: ірі сауда орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

68
0

258 rob

ТЖ туындаған кездегі іс-қимылдар: ірі сауда орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Фотосурет: Ұлытау облысы ТЖД

2023 жылдың 30 қарашасында қаланың орталығында орналасқан «Дефакто» сауда орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Оқу-жаттығудың мақсаты – ірі сауда орталықтарында өрттерді жылдам әрі тез сөндіру және адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялау дағдыларын пысықтау, өрт шыға қалған жағдайда адамдар арасында болуы мүмкін дүрбелеңдердің алдын алуын жаттықтыру.

ТЖ туындаған кездегі іс-қимылдар: ірі сауда орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Жаттығудың сценарийі бойынша өрт сауда орталығының 1 қабатындағы кассадан шыққан. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер өртті 30 минуттың ішінде толығымен жойып, зардап шеккендерді аман алып шығып алғашқы көмек көрсету және эвакуациялау бойынша құтқару құрылымдарының іс-әрекеттерін орындады.

ТЖ туындаған кездегі іс-қимылдар: ірі сауда орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Тактикалық оқу-жаттығуға ТЖД №1 мамандандырылған  өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 22 адам және 5 техника, 1 жедел-жәрдем жұмылдырылды.

ТЖ туындаған кездегі іс-қимылдар: ірі сауда орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Оқу-жаттығу барысында сауда орталықтың қызметкерлерімен төтенше жағдай туындаған кездегі алғашқы іс-әрекеттері пысықталып, назарларына жеткізілді.

Источник: dknews.kz