үй Қазақстан жаңалықтары Өткен жыл оңай болған жоқ — Тоқаев ...

Өткен жыл оңай болған жоқ — Тоқаев Кеше, 14:02

25
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Сенатында 2022 жылды қорытындылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз

  • АВТОР
  • Гүлнара Досымшалова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Өткен жыл оңай болған жоқ - Тоқаев
                Кеше, 14:02

Өткен жыл оңай болған жоқ — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Сенатында 2022 жылды қорытындылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Баршаңызға мәлім, өтіп бара жатқан жыл оңай болған жоқ, өте күрделі болды десек артық емес. Елімізде болған қасіретті оқиғалар жөнінде өздеріңіз білесіздер. Біз бәріміз бір ел, бір ұлт, бір халық болып, Отанымызды бірлесіп сақтап қалдық деп еш күмәнсіз айтуға болады. Алдымызда тұрған негізгі мақсат – еліміздегі тұрақтылықты, қауіпсіздікті сақтап қалу, Қазақстанның жарқын болашаққа қарай қарқынды дамуына жол ашып беру. Әрине, бұл жолдың оңай болмайтыны анық. Бірақ, дана халқымыз барлық қиындықты, тосқауылдар мен кедергілерді жеңіп шығатынына мен кәміл сенемін.

Адамзат коронавирус індетінің салдарын әлі де толық еңсере алмай отыр. Оған қоса, геосаяси ахуал ушыға түсті. Соның кесірінен халықаралық дағдарыс күшейді. Мұның бәрі әлем экономикасын тығырыққа тіреді. Біз осы күрделі жағдайда экономиканың құлдырауына жол берген жоқпыз. Өткен 11 айдың қорытындысы бойынша экономикамыз 3 пайызға өсті. Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 6,5 пайызға артты. Бұл жаман көрсеткіш емес. Бірақ, жайбарақат отыруға болмайды», — деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz