үй Қазақстан жаңалықтары Тоқаевқа Ақтөбе облысындағы ауылдық спорт кешені көрсетілді ...

Тоқаевқа Ақтөбе облысындағы ауылдық спорт кешені көрсетілді Кеше, 14:49

128
0

Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Тоқаевқа Ақтөбе облысындағы ауылдық спорт кешені көрсетілді
                Кеше, 14:49

Фото: Ақорда

Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының Ақтөбе облысына жұмыс сапары Мәртөк ауданы Саржансай ауылындағы спорт кешенінің жұмысымен танысудан басталды.

Бұл нысанның жалпы аумағы 1048 шаршы метрді құрайды. Мұнда спорттың бірнеше түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еркін күрес залы мен шағын футбол алаңын аралап көрді.

Президент спорт кешенінде жас спортшылармен кездесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев спортпен шұғылданудың маңыздылығына назар аударды. Спорт адамның көзқарасын түзейді. Әсіресе жастарға күш-жігер береді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы футболға қолдау көрсетілетініне тоқталып, аталған спорт түрінің болашағына сеніммен қарайтынын жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz